102

Қарттарды қадірлеу, үлкенді үлгі етіп, құрметтеу қазақы болмысымызбен тəрбиемізге тəн ұлағатты тəлім.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі студенттері жаңа жыл қарсаңында «Жаңа жыл - 2024» атты концерттік бағдарламамен «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мекемесіне барды.
Қариялар өздері үшін дайындалған тосынсыйға балаша қуанып, тіпті ортаға шығып би билеп, өнерпаздарға ризашылықтарын жаудырды. Сан түрлі тағдырлар тоғысқан мекенде белсенді жастарымыз әуелете ән шырқап, мың бұрала би биледі.
Мерекелік шараға, Қызылорда ашық университетінің бірінші проректоры Абайбек Талғатұлы мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры Көктем Ақарысұлы қатысып, ардагерлерімізді келіп жеткен жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
-Қайырымдылық шарасына қатысып, өз өнерімді көрсеттім. Қарияларымыздың көңілі көтеріліп, сырқаттарын бір сәтке ұмытқандай. Осындай шаралар арқылы біз, үлкенді сыйлайтын, құрметтейтін жастар екенімізді көрсете аламыз, - дейді студент Қаракөз Мүсіл.
Шара соңында, «№1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мекемесіндегі қазыналы қарттарымызға мерекелік сыйлықтар табысталды.
Көрсетілген ықылас пен қошеметке риза болған қарттар мен ақжаулықты аналар алғыстарын айтып, ақ батасын жаудырды.

103

104

105

106